08
февраль
2022
"Бала тәрбиесіне байыпты қарайық" ата-аналар жиналысы
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылының 8 ақпан күні Жамбыл облысы прокуратурасы жанындағы Консультативтик кеңестің 21.01.2022 жылғы №1хаттамасының 2.2 тармағына сәйкес «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиынға мектеп әкімшілігімен АПБ ЖПҚБ ЮПТ ағаУПИ полиция майоры Н. Құлшымбаев қатысты.Мектеп директоры А.Пирменова жиналысты ашып беріп, ата-ана құқығы туралы айтып өтті. Мектеп инспекторы Н. Құлшымбаев бала тәрбиесіне қатысты заңның баптарымен және де ұялы телефон,электронды сигаретпен зиянды заттардың кері әсері туралы айтып түсіндіре кетсе, ДҚТІЖО Т.Асабаев білім алушылардың мектептегі және мектептен тыс уақыттағы тәртіптері мен құқық бұзушылықтың алдын-алдын алу бойынша тоқталды. Сонымен қатар ата-аналарға Темір жол аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу шаралары мен балалардың өмірі мен денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді.


