«Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты!»
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты!» тақырыбында іс-шара жоспары бекітіліп жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Мектеп кітапханашысы Ә.Назарова «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында мектеп фоесінде көрме ұйымдастырса, тіл мамандары «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында 5-10 сынып оқушылары арасында шығарма байқауын ұйымдастырды. Іс- шара барысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қ.Бийимбетова 5-7 сыныптар арасында «Тәуелсіз елім- Қазақстаным!» тақырыбында сурет байқауын өткізді, ал 5-10 сынып жетекшілері «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында оқушыларға қабырға газеттерін шығартты.Сонымен қатар мектеп тәлімгері Д.Белходжаева «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» тақырыбында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан мектеп мұғалімдері Г.Абатова, А.Абсалимова және Н.Үрпековамен кездесу ұйымдастырса, тарих пәнінің мұғалімі А.Абсалимова 8-11 сынып оқушыларымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік жолы: тарихнама, зерттеулер және тың көзқарастар» тақырыбында конференция өткізді.1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілері «Туған жерім –Дархан далам тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізсе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепішілік спорттық ойындар өткізді.Іс-шараны қорытындылай келе ДТІЖО Т.Асабаев пен тәлімгер Д.Белходжаева «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты!» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырып өтілген іс-шараның материалдарын әлеуметтік желіге жариялады.