«Ұстазым ,ұлағатым,үлгі өнегем!»
«Ұстазым ,ұлағатым,үлгі өнегем!» тақырыбында іс-шара жоспары бекітіліп сынып жетекшілері «Ұстаз -ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттарын өткізсе, білімалушылар әлеуметтік желілер арқылы құттықтықтаулар мен ашық хаттар жариялады. Тіл маманы Б.Тлеубеков пен Т.Асабаев «Мектебің алтын ұяң жарқыраған,Ұстазың-бұлақ көзі сарқыраған» тақырыбында7-8 сыныптар арасында эссе байқауын ұйымдастырса ,ДТІЖО Т.Асабаев Жамбыл түлек кз жобасы аясында бітіріп кеткен түлектердің «Ұстазыма мың алғыс!» хэштегімен құттықтаулар топтамасын ұйымдастырды. Мектеп тәлімгері Д.Белходжаева 9 сынып оқушыларымен «Ұстаздармен біргеміз!» атты флешмоб өтізсе , тіл маманы З.Қалматаева 9-11 сыныптар арасында «Ұстаз-ұлы есім» , «Мұғалім мектептің жүрегі» тақырыптарында шығарма байқауын өткізді.Мектеп тәлімгері Д.Белходжаева Адал ұрпақ еріктілер мектеп клубының мүшелерімен «Ұстаздарға мың алғыс!» тақырыбында ардагер ұстаз С.Сувалиевамен кездесу ұйымдастырды.Іс-шараны қорытындылай келе ДТІЖО Т.Асабаев пен тәлімгер Д.Белходжаеваның ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізіп нәтижесін жинақтап әлеуметтік желілерге жариялады.