ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ » Сш Т.Рыскулова
Zhambyl region
М ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ
26
февраль
2020

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ

Мектеп тарихынан

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі 1959-1960 жылдары бастауыш мектебі болып ашылған. Мектепті Қасымов Құрманбек Аляқымұлы басқарды. Содан бастау алып, халық саны көбейіп, 1975 жылы 4 жылдық мектеп болды. Бала санының өсуіне қарай 1977 жылы осы мектеп 8 жылдық болып ашылды. 1977-1983 жылдары мектеп директоры қызметін   Қырғызбеков Тоқтамыс атқарды. Мектепке сол жылы ұлы қоғам қайраткері, репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың есімі берілді. 1983-1996 жылдар аралығында мектепті Нигматуллаев Сұңғат Нигматуллаұлы басқарды. 1996-2013 жылдары мектепті Дженбаева Роза Әбдібеқызы басқарды. 1999-2000 оқу жылында ауыл мектебі 11 жылдық болып ашылды. 1977 жылғы мектеп үйі 2013 жылы 29-қарашада 120 орынды оқушыға арналған екі қабатты жаңа мектеп ғимаратына көшірілді. 2013-2016 жылдар аралығында Абатова Гүлмира Бейсембекқызы мектепті басқарды. 2016-2017 жыл аралығында Малденова Айгүл Орымбекқызы   мектепті басқарды. 2017 жылдың 17 қарашадан бастап  Қонаров Асылбек Серікұлы мектеп директоры болып тағайындалып, қазіргі уақытта басқарып келеді. Мектеп 120 балаға арналған шағын жинақталған. Бұл күнде мектебімізде жаңа заман талабы мен «Қазақстан -2050» стратегиясына сай жаңа форматты мұғалімдер қызмет етуде. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары бойынша 12 жылдық білім беруге көшу курсына біраз мұғалімдер барып, білімдерін жетілдіріп келді. 

Мектепте сабақ қазақ тілінде жүрізіледі. Әрбір сабақ жаңа технологиямен өтіледі. Teachers «Білімін жетілдіру курстарнынан» алған білімдерін, тәжірибелерін күнделікті сабақ барысында қолданады. Ақпарттану заманына сай электронды оқулықтар пайдаланады. Мектепте 5 интерактивті тақта, 20 компьютер бар және интернет жүйсіне қосылған. Teachers мен оқушылар оларды еркін пайдалана алады. Мектеп 2018-2019 оқу жылынан бастап электорнды журналды  жүргізуде.

Мектебімізде 168 оқушы бар. Оларға жоғары және арнаулы орта білімі бар мұғалімдер сабақ беруде. 2018-2019 оқу жылында 35 педагог қызмет етуде.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп жанынан  мектепке дейінгі орталығы «Балапан» шағын орталығы жұмыс жасайды.

Шағын орталықта 2 топ құрылған. Әр топта 25 баладан.Кіші топта 1-3 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленсе. Ересек топта 3-5 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде.

 Шағын орталықта оқу тәрбие жұмыстары құрамына 2 тәрбиеші, 2 тәрбиеші көмекшісі, 1 медбике, 1 аспазшы жұмыс жүргізеді. Шағын орталықтың басты қызметі жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеп отыра тәрбиелеу.

Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта алатын мұғалім» керек деген екен. А.Байтұрсынұлы. Ал білімді де білікті, іскер құрамын дайындау жүйесі, жүйелі жұмысты талап етеді. Бұл ұлы мақсат басшылық пен әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты.