03
февраль
2022
Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы онкүндігі
Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлов орта мектебінде "Өзін - өзі тану : Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылуы салтанатты түрде өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры А. Пирменова құттықтау сөз айтып, онкүндіктің жоғары дәрежеде өтуіне сәттілік тілеп, ашық деп жариялады. Білім алушылар "Жалпыадамзаттық құндылықтар" қойылымын көрсетіп, өлең оқып, ән айтты. Алда әлі де көптеген байқаулар болады.




